Fitch Ratings «Standard Life» компаниясының рейтингін ‘BB-’ деңгейіне көтерді; болжамы - «Тұрақты»

2025 ж. 29 қыркүйек

2025 жылғы 25 қыркүйекте халықаралық Fitch Ratings агенттігі «Standard Life» өмірді сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылық рейтингін «B+»-тен «BB-»-ке, ал ұлттық рейтингін «BBB(kaz)»-дан «BBB+(kaz)»-ға көтерді. Екі рейтинг бойынша болжам - «Тұрақты».

Рейтингтердің көтерілуі компанияның капиталдық жағдайының нығаюын және инвестициялық портфель сапасының жақсаруын көрсетеді. 2024 жылдың соңында Solvency I көрсеткіші 232%-ды құрады, ал 2025 жылдың тамыз айының соңында - 226% (2023 жылы - 184%). Fitch Prism үлгісі бойынша компанияның капитализациясы «өте жоғары» деңгейде бағаланды.

«Standard Life» компаниясының қаржылық нәтижелері тұрақты: 2024 жылы меншікті капиталдың рентабельдігі (ROE) 12%-ға жетті, ал 2022–2024 жылдардағы орташа көрсеткіш - 23%. 2025 жылдың алғашқы жеті айында компания 15,027 млрд теңге сақтандыру сыйақысын жинап, 5,32 млрд теңге инвестициялық табыс және 2,45 млрд теңге таза пайда тапты.

Агенттік сондай-ақ компанияның инвестициялық портфеліндегі сенімді құралдардың өскенін атап өтті: 2024 жылдың соңында инвестициялардың 85%-ы корпоративтік және мемлекеттік облигациялар үлесіне тиесілі болды (2023 жылы - 73%).

«Standard Life» Өмірді сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Әмірқожа Ғалым Тасмұқанбетұлы атап өтті:
«Fitch рейтингінің көтерілуі - біздің стратегиямыздың дұрыстығын, капиталды басқарудағы тәртіптілігімізді және клиенттердің ұзақмерзімді мүдделеріне бағытталғандығымызды көрсетеді. Біз нарықтағы позициямызды нығайтып, өнімдерімізді кеңейтіп, клиенттердің жинақтарын қорғау және көбейту үшін заманауи шешімдерді енгізуді жалғастырамыз».

Fitch Ratings - 1914 жылы құрылған әлемдегі жетекші халықаралық рейтинг агенттіктерінің бірі. Бас кеңселері Лондон мен Нью-Йоркте орналасқан. Агенттік 200-ден астам елдің, 10 000-нан астам банк пен қаржы институтының, сондай-ақ мыңдаған корпорациялардың несиелік қабілеттілігі бойынша тәуелсіз бағасын береді.

Fitch Ratings «Standard Life» компаниясының рейтингін ‘BB-’ деңгейіне көтерді; болжамы - «Тұрақты»

Fitch Upgrades Kazakhstan's Standard Life to 'BB-'

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

2022 ж. 5 сәуір

2022 ж. 5 сәуір
"Standard Life" өкілдері зейнетақы жүйелерін дамыту туралы халықаралық конференцияға қатысты

"Standard Life" өкілдері зейнетақы жүйелерін дамыту туралы халықаралық конференцияға қатысты

2023 ж. 28 қыркүйек