
2026 ж. 8 сәуір
«Standard Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ AQYL мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында 2023–2024 жылдарға арналған мемлекеттік сыйлықақылардың есептелгені, сондай-ақ компания клиенттерінің шоттарына KELESHEK (бұдан әрі — ББК) бастапқы білім беру капиталы қаражатының аударылғаны туралы хабарлайды.
«Standard Life» деректері бойынша, есептелген мемлекеттік сыйлықақылардың жалпы көлемі 104 сақтандыру шарты бойынша 2 339 654 теңгені құрады.
Сонымен қатар, «Қаржы орталығы» АҚ «Standard Life» компаниясының 35 клиентінің шотына ББК аясында 8 257 200 теңге сомасында қаражат аударды. Барлық операциялар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілді.
Қаражат келіп түскен шарттар бойынша клиенттерге тиісті хабарламалар жіберілді.
«Standard Life» ӨСҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ғалым Әмірходжаев: «Мемлекеттік сыйлықақылар мен бастапқы білім беру капиталы — бұл өз балаларының болашағын жауапкершілікпен жоспарлайтын отбасыларды қолдаудың маңызды элементі. Біз мемлекеттік қолдауы бар білім беру жинақтау бағдарламаларына деген тұрақты қызығушылықты көріп отырмыз және клиенттерге білім алуға жинақтаудың ашық әрі тиімді құралдарын ұсына отырып, мұндай шешімдерді одан әрі дамыта береміз».
Мемлекеттік сыйлықақы: жыл сайын жинақталған қаражатқа салымшылардың барлық санаттары үшін 5%, ал басым санаттар (жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектігі бар балалар, сондай-ақ көпбалалы отбасылардан шыққан балалар) үшін 7% мөлшерінде есептеледі.
Бастапқы білім беру капиталы (ББК): мемлекет тарапынан бала 5 жасқа толғанда беріледі және білім беру жинақтау құралына (сақтандыру шарты немесе депозит) аударылады.
ББК мөлшері: жалпы жағдайда 60 АЕК, ал басым санаттар үшін — 120 АЕК.
Мемлекеттік қолдау қаражаты нысаналы сипатқа ие және тек білім ақысын төлеуге арналған.
.png)
Ірі төлемдер / Крупные выплаты