"Standard Life" өкілдері зейнетақы жүйелерін дамыту туралы халықаралық конференцияға қатысты

2023 ж. 28 қыркүйек

"Standard Life" Өмірді сақтандыру компаниясы " АҚ өкілдері "Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту көріністері" халықаралық конференциясына қатысты. Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін жетекші шетелдік сарапшыларды біріктірген іс-шара 2023 жылғы 28 қыркүйекте Алматыда өтті.. Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар күнтізбесі шеңберінде жоспарланған жобаның ұйымдастырушылары Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен (ХӘҚҚ) ынтымақтастықта Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болды. Конференцияға қатысушылар алдында құрметті халықаралық және қазақстандық сарапшылар, саясаттанушылар мен экономистер баяндама жасады. Олардың ішінде: • ХӘКҚ президенті, Доктор Мұхаммед Азман, (Куала-Лумпур, Малайзия); • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Тамара Дүйсенова; • Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменов; • Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова; • Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (министр) Бақытжан Сағынтаев; • Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова; • "БЖЗҚ" АҚ төрағасы Жанат Құрманов. Панельдік сессия тақырыптары: • "Халықтың қартаюы және зейнетақы реформасы", модератор - Григорий Марченко • "Халықты қамту және ақпараттандыру", модератор - Болат Жәмішев • "Инвестициялық стратегиялар, тәуекелдерді басқару және қадағалау реттеуі", модератор - Ораз Жандосов
"Standard Life" өкілдері зейнетақы жүйелерін дамыту туралы халықаралық конференцияға қатысты

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

Соңғы жағдайлардың бірі бойынша сақтандырылған адамның мұрагерлерінің пайдасына Standard Life төлемі шамамен 15 млн теңгені құрады.

Соңғы жағдайлардың бірі бойынша сақтандырылған адамның мұрагерлерінің пайдасына Standard Life төлемі шамамен 15 млн теңгені құрады.

2024 ж. 2 мамыр

Ірі төлемдер / Крупные выплаты

Максат Альжанов получил согласие на приобретение статуса крупного участника Standard Life

Максат Альжанов получил согласие на приобретение статуса крупного участника Standard Life

2022 ж. 14 сәуір

2022 ж. 5 сәуір