2025 ж. 8 тамыз
«Standard Life» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 26-бабының 20-тармағы талаптарын орындау мақсатында, Компанияның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлер құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды.
Жасалған мәмілелер нәтижесінде акционер Тлек Әлжанов акционер Елена Джармухановаға тиесілі 177 722 акцияны (дауыс беретін акциялардың 9,99%-ы) және акционер Дана Шестаковаға тиесілі 88 950 акцияны (дауыс беретін акциялардың 5%-ы) сатып алды.
Аталған мәмілелердің қорытындысы бойынша Тлек Әлжановтың Компания жарғылық капиталындағы жиынтық үлесі 444 394 акцияны құрады, бұл дауыс беретін акциялардың 24,98%-ына тең.
Анықтама
«Standard Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ – 2007 жылдан бері Қазақстан қаржы нарығында жұмыс істейтін қазақстандық сақтандыру ұйымы. Компанияның қызметі Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
Компанияның ірі акционерлері қатарында сондай-ақ:
Максат Әлжанов – дауыс беретін акциялардың 30,18%-ы,
Владислав Ли – дауыс беретін акциялардың 24,99%-ы,
Жарқын Әлжанов – дауыс беретін акциялардың 19,85%-ы бар.