«Standard Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Нархоз Университеті базасында қолданбалы қаржы магистратурасы бағдарламасы бойынша білім беру грантын беру үшін байқау жариялайды.

2023 ж. 1 шілде

«Standard Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Нархоз Университеті базасында қолданбалы қаржы магистратурасы бағдарламасы бойынша білім беру грантын беру үшін байқау жариялайды. Гранттың сомасы– 4 144 000 теңге. Бағдарламаға актуарийлерді оқытудың минималды міндетті бағдарламасына сәйкес «Актуарий» мамандығын алу үшін емтихан тапсыру мүмкіндігімен актуарлық курстардан өту енгізілген. Оқуды бітіргеннен кейін түлекке MBA (Master of business administration) дәрежесі беріледі. Оқытудың жалпы ұзақтығы 14 айды құрайды (жазғы демалысты қоспағанда). - Теориялық оқыту кезеңі — 10 ай. - Өндірістік тәжірибе және магистрлік диссертацияны қорғауға дайындық кезеңі — 4 ай. Кепілдендірілген жұмыс орны (грантты өтеу кезеңі) - 5 жыл Үміткерге қойылатын талап: 1. Жоғары математикалық, техникалық, экономикалық білім, 2. GPA 3.00-ден жоғары, 3. Кандидаттың "Актуарий" мамандығын таңдау себебі туралы эссесі (көлемі - 10 сөйлемнен аспау керек). Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 14 шілдеге дейін жүзеге асырылады Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер түйіндемені, қосымшасы бар дипломның көшірмесін және эссені келесі электрондық поштаға жіберуі тиіс: K.Zhumagulova@stdlife.kz Хаттың тақырыбын міндетті түрде көрсетіңіз: «Магистратураға байқау» Анықтама Актуарий — сақтандыру өнімдерін, тарифтер мен резервтерді, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жоспарларын әзірлеу, актуарлық сараптау және тәуекелдерді басқару саласындағы маман. Бұл біліктілікті сақтандыру компаниялары, зейнетақы және әлеуметтік қорлар кеңінен талап етеді. Актуарийлер кез-келген сақтандыру ұйымының негізгі қызметкерлері болып табылады, олар сақтандыру компаниясының штатында болмаса, жұмыс істеуге құқығы жоқ. Бүгінгі таңда Қазақстанда актуарий лицензиясы бар 60 маман ғана жұмыс істейді.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

Уведомление для партнёров и клиентов

Уведомление для партнёров и клиентов

2022 ж. 9 наурыз

Уважаемые клиенты и партнеры! Сообщаем вам, что в связи с увеличением случаев заболеваний COVID -19,

Соңғы кейстердің бірі бойынша сақтандырылған мұрагерлердің пайдасына Standard Life төлемі 12 млн теңгеден астам соманы құрады.

Соңғы кейстердің бірі бойынша сақтандырылған мұрагерлердің пайдасына Standard Life төлемі 12 млн теңгеден астам соманы құрады.

2024 ж. 2 мамыр

Ірі төлемдер / Крупные выплаты

"Standard Life" өкілдері зейнетақы жүйелерін дамыту туралы халықаралық конференцияға қатысты

"Standard Life" өкілдері зейнетақы жүйелерін дамыту туралы халықаралық конференцияға қатысты

2023 ж. 28 қыркүйек