Зейнетақы аннуитеті бойынша клиенттерге арналған хабарландыру

2023 ж. 27 шілде

«Standard Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Сақтандыру компаниясы) Сізге келесіні хабарлайды. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) күшіне енді. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына, 26-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, зейнетақы төлемдерін алушылар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жарналарын төлеуден босатылады. Кодекстің 198-бабына сәйкес, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін алушылар зейнетақы төлемдерін алатын тұлғалар санатына жатпайды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің түсіндіруінен, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін алушылар зейнетақы төлемдерін алушы болып табылмайтындықтан, сақтандыру ұйымдары жеке тұлғаның кірісі болып табылатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру төлемдерінен МӘМС төлеуге міндетті. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Сақтандыру компаниясы жеке тұлғаның кірісі болып табылатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру төлемдерінен МӘМС төлеуге міндетті екенін хабарлаймыз, осылайша, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезінде сақтандыру төлемдер сомасының 2 (екі)%-ы ұсталады, бірақ 14 000 теңгеден аспауы керек. Бұл ретте, егер Сіз зейнетақы төлемдерін алушы болсаңыз немесе МӘМС жарнасы Сіз үшін төленіп жатса, Сізден Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес, алынған, есептелген және төленген жарналар сомасы туралы анықтаманы (бұдан әрі – Анықтама) Сақтандыру компаниясына тапсыруды өтінеміз. Осылайша, бұл анықтама Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша МӘМС жарналарының төлеуін азайтуға немесе толық босату үшін негіз болып табылады. Құрметпен, «Standard Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

Уведомление для партнёров и клиентов

Уведомление для партнёров и клиентов

2022 ж. 9 наурыз

Уважаемые клиенты и партнеры! Сообщаем вам, что в связи с увеличением случаев заболеваний COVID -19,

Standard Life компаниясы Insurance Forum Almaty 2024 конференциясына қатысты

Standard Life компаниясы Insurance Forum Almaty 2024 конференциясына қатысты

2024 ж. 2 қазан
Fitch Ratings «Standard Life» компаниясының рейтингін ‘BB-’ деңгейіне көтерді; болжамы - «Тұрақты»

Fitch Ratings «Standard Life» компаниясының рейтингін ‘BB-’ деңгейіне көтерді; болжамы - «Тұрақты»

2025 ж. 29 қыркүйек