ProLife FIT
ӨНІМ ТУРАЛЫ ТЕЗ ЖӘНЕ ОҢАЙ
ҚОЛЖЕТІМДІ САҚТАНДЫРУ ҚҰРАЛЫ
Сізге ыңғайлы соманы анықтаңыз және жеке активіңізді қалыптастыру үшін қаражат салыңыз.
Жинақтарды инфляциядан қорғау
3 жылдан бастап жыл сайын компанияның пайдасына қатысу
Қосымша өтелімдерді кеңінен қамту
*Сақтандыру мерзіміне байланысты
Біліктілік пен тұрақтылық
Өзіңіздің қаржылық қаражатыңызды кәсіпқойлар командасы басқаратынына сенімді болған кезіңізде.
- Біздің мамандар командасының қаржы секторында 20 жылдық табысты басқару тәжірибесі бар;
- Компания өз тәуекелдерін халықаралық қайта сақтандырушыда қайта сақтандырады*;
- Компания қадағалау органының барлық талаптарына сай келеді;
- FITCH «B+» деңгейіндегі рейтингті растады, болжамы – «Тұрақты»;
- Біз рейтингі жоғары ірі ұлттық және халықаралық компаниялардың бағалы қағаздарына инвестиция құямыз.
*Қайта сақтандырушы әлемдік көшбасшылардың үштігіне кіреді және Standard & Poor's AA- ("Very Strong"), A.M. Best A+ ("Superior") қаржылық тұрақтылық рейтингіне ие.
Сізге және сіздің отбасыңызға арналған қорғаныш
Сіздің отбасыңыздың қаржылық тұрақтылығы кез келген күтпеген жағдайларда берік болады
Ауыр ауру - мысалы, қатерлі ісік, инфаркт, инсульт
Жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болу
Еңбекке уақытша жарамсыздық
Жазатайым оқиға салдарынан жарақат алу
Жазатайым оқиға салдарынан болған мүгедектік
Болашағыңа жоспарың болсын
Біз сіздің жоспарларыңызды жүзеге асыру үшін қадамдық бағдарламалар жасаймыз.
Біз сіздің жоспарларыңызды жүзеге асыру үшін қадамдық бағдарламалар жасаймыз.
Қаржылық мақсаттардың дербестендірілген бюджеті мен күнтізбесін әзірлеу
Бізге клиенттеріміз бен серіктестеріміз сенім артады
Өнімнің сипаттамасы
Жағымсыз оқиғаны шығынсыз жеңіп шыға білу әрбір адамның алаңсыздығын қамтамасыз етеді.
ProLife FIT– бұл тек сақтандыру ғана емес. Бұл кез келген күтпеген жағдайлардан: жазатайым оқиғалардан, жарақаттардан, ауыр аурулардан және сізді еңбек ету қабілетінен айыратын басқа да келеңсіз жағдайлардан қорғау.
ProLife FIT көмегімен сіз күтпеген шығындарды өтейсіз, күрделі уақытта өзіңіз және отбасыңыз үшін қаржылық жастықты қамтамасыз етесіз.
Жүктеуге арналған файлдар

Сақтандыру ережелер
Сақтандыру ережелер
Жиі қойылатын сұрақтар
ӨЖС келісімшарты бойынша қарызды қашан алуға болады?
Компанияда өмірді жинақтаушы сақтандыру келісімшарты бойынша сақтанушы, қалыптастырылған өтеу сомасы болған жағдайда, қолданыстағы сақтандыру шартының кепілзат кепілімен қарыз алуды ресімдей алады. Өтеу сомасы сақтандырудың бірінші жылының соңына қарай (егер сақтандыру сыйлықақысы біржолғы түрде төленген болса) және сақтандырудың екінші жылының соңына қарай (егер сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген болса) қалыптасады. Осы ретте сақтандыру келісімшарты күшінде қалады және клиент сақтандыру қорғанышында болады.
ӨЖС келісімшартына қандай өзгерістер және қашан енгізілуі мүмкін?
Белгілі бір Сақтандыру бағдарламасының ережелерінде көзделген кез келген өзгерістер мен толықтырулар енгізу Сақтанушының жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады:
- Сақтанушының және/немесе Пайда алушы(-лар)ның ауысуы;
- Сақтанушының, Сақтандырылушының және/немесе Пайда алушы(-лар)ның төлқұжаттық және байланыс деректеріне өзгерістер енгізу;
- Сақтандырылушыны (тек Сақтанушылар – заңды тұлғалар үшін) ауыстыруды сақтандыру келісімшартының бір жылдығына жүзеге асыру;
- сақтандыру сыйлықақысының мөлшеріне және/немесе төлеу тәртібіне өзгерістер енгізу — сақтандыру келісімшартының бір жылдығына;
- сақтандыру мерзіміне өзгерістер енгізу (жинақтау мерзімі) – сақтандыру келісімшартының бір жылдығына;
- қосымша өтелім(-дер)ді өзгерту, қосу/алып тастау – сақтандыру келісімшартының бір жылдығына;
- аннуитеттік төлемдердің мөлшеріне және/немесе тәртібі мен мерзіміне өзгерістер енгізу – сақтандыру келісімшартының бір жылдығына.
Өзгертулер қолданыстағы сақтандыру келісімшартына енгізіледі (сақтандыру жарналары бойынша кешіктіру болмаған жағдайда).
Өмірді жинақтаушы сақтандыру келісімшарттары бойынша пайдаға қатысудан қандай инвестициялық кіріс есептеледі?
PRO Life FIT және PRO Life GOLD өнімдері пайдаға қатысады.
Кірістілік мөлшерлемесі Сақтандырушының пайдасына байланысты, дивидендтер сақтандырудың 3-ші жылы аяқталғаннан кейін есептеледі.
Барлық жиі қойылатын сұрақтар