Сақтанушы келісімшартты кез келген уақытта үзуге құқылы. Осы ретте, егер Сақтанушының сақтандыру келісімшартына қол қойған күнінің бірінші күнінен бастап, қоса алғанда, он үшінші күніне дейінгі мерзімде Сақтанушы келісімшартты үзсе, онда, сақтандыру оқиғасы болмаған жағдайда және Компания сақтандыру төлемін жасамаған жағдайда, Компания Сақтанушыға алынған соманы толық көлемде қайтарады.
Сақтандыру келісімшарты басқа уақытта үзілген жағдайда, Компания сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтарады немесе өтеу сомасын және, егер бар болса, бонустық өтеу сомасын төлейді.