ProLife GOLD
ӨНІМ ТУРАЛЫ ТЕЗ ЖӘНЕ ОҢАЙ
Икемді валюта құралы
Экономикалық ахуалды болжау мүмкін емес, бірақ біз сіздің капиталыңыздың сақталуының қамын ойлаймыз және сақтандыру оқиғалары өтелімінің ауқымды спектрін қамтамасыз етеміз.
Сақтандыру мерзімінің соңындағы төлемдер АҚШ долларының бағамына байланысты
3 жылдан бастап жыл сайын компанияның пайдасына қатысу
Тиімді салық жеңілдіктері
Қосымша жарналарды көбейту мүмкіндігі
Өз мақсатыңыз үшін қаражат жинаңыз
Сақтандыру полисі үшін жарналар ауыртпалық тудырмайды, бірақ олар Сіздің жоспарларыңызды жүзеге асыруға көмектесе алады:
Сіздің балаларыңызға үздік білім беру
Біліктілік пен тұрақтылық
Өзіңіздің қаржылық қаражатыңызды кәсіпқойлар командасы басқаратынына сенімді болған кезіңізде.
- Біздің мамандар командасының қаржы секторында 20 жылдық табысты басқару тәжірибесі бар;
- Компания өз тәуекелдерін халықаралық қайта сақтандырушыда қайта сақтандырады*;
- Компания қадағалау органының барлық талаптарына сай келеді;
- FITCH «B+» деңгейіндегі рейтингті растады, болжамы – «Тұрақты»;
- Біз рейтингі жоғары ірі ұлттық және халықаралық компаниялардың бағалы қағаздарына инвестиция құямыз.
*Қайта сақтандырушы әлемдік көшбасшылардың үштігіне кіреді және Standard & Poor's AA- ("Very Strong"), A.M. Best A+ ("Superior") қаржылық тұрақтылық рейтингіне ие.
Отбасыңызды қорғау
Күтпеген жағдайлар туындағанда сіздің отбасыңыздың қаржылық тұрақтылығы берік болады:
Ауру мен жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болу
Жазатайым оқиға нәтижесінде болған мүгедектік
Жазатайым оқиға нәтижесінде жарақат алу
Жазатайым оқиға нәтижесінде ауруханаға жатқызу.
Болашағыңа жоспарың болсын
Біз сіздің жоспарларыңызды жүзеге асыру үшін қадамдық бағдарламалар жасаймыз.
Сіздің қаржылық мақсаттарыңыз бен тілектеріңізге дербестендірілген көзқарас/кеңес
Қаржылық мақсаттардың дербестендірілген бюджеті мен күнтізбесін әзірлеу
Бізге клиенттеріміз бен серіктестеріміз сенім артады
Өнімнің сипаттамасы
Балаларыңыздың үздік білім алуын қамтамасыз еткіңіз келе ме? Балаларыңыз үшін теңіз жағажайында ұмытылмас үйлену тойын өткізгіңіз келе ме?
ProLife GOLD – бұл сізге және сіздің жақындарыңызға арналған тиімді және икемді қаржылық қорғаныш, сіздің өмірлік маңызы бар жоспарларыңызды жүзеге асыруға көмектесу және келешекке деген сенімділік.
Жүктеуге арналған файлдар

Сақтандыру ережелері
Сақтандыру ережелері
Жиі қойылатын сұрақтар
ӨЖС келісімшартына қандай өзгерістер және қашан енгізілуі мүмкін?
Белгілі бір Сақтандыру бағдарламасының ережелерінде көзделген кез келген өзгерістер мен толықтырулар енгізу Сақтанушының жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады:
- Сақтанушының және/немесе Пайда алушы(-лар)ның ауысуы;
- Сақтанушының, Сақтандырылушының және/немесе Пайда алушы(-лар)ның төлқұжаттық және байланыс деректеріне өзгерістер енгізу;
- Сақтандырылушыны (тек Сақтанушылар – заңды тұлғалар үшін) ауыстыруды сақтандыру келісімшартының бір жылдығына жүзеге асыру;
- сақтандыру сыйлықақысының мөлшеріне және/немесе төлеу тәртібіне өзгерістер енгізу — сақтандыру келісімшартының бір жылдығына;
- сақтандыру мерзіміне өзгерістер енгізу (жинақтау мерзімі) – сақтандыру келісімшартының бір жылдығына;
- қосымша өтелім(-дер)ді өзгерту, қосу/алып тастау – сақтандыру келісімшартының бір жылдығына;
- аннуитеттік төлемдердің мөлшеріне және/немесе тәртібі мен мерзіміне өзгерістер енгізу – сақтандыру келісімшартының бір жылдығына.
Өзгертулер қолданыстағы сақтандыру келісімшартына енгізіледі (сақтандыру жарналары бойынша кешіктіру болмаған жағдайда).
Сақтандыру келісімшартын онлайн қалай төлеуге болады? Төлеудің қандай әдістері бар?
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ төлем карточкаларының иелері-клиенттер үшін сақтандыру жарналарын «Homebank» интернет-банкингінің Қаржы порталы және сәйкесінше «Star Banking» арқылы төлеу мүмкіндігі бар.
- Клиент өздігінен «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның кез келген бөлімшелері, терминалдары арқылы немесе өз жұмыс орнындағы бухгалтерияға «Standard Life» ӨСК» АҚ пайдасына сақтандыру жарналарын ұстау туралы өтініш жазу арқылы төлемдерді жүзеге асыра алады.
Сақтандыру келісімшарты бойынша жарнаны төлеу үшін деректемелерді көрсетуіңізді өтемін.
Қабылдаушы: «Standard Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ
Заңды мекен-жайы: Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 186
БСН: 070940015052
Есеп айырысу шоты: Алматы қ. «Банк ЦентрКредит» АҚ-да KZ318560000000529831
БСК: KCJBKZKX
Барлық жиі қойылатын сұрақтар