ProLife PLATINUM
ӨНІМ ТУРАЛЫ ТЕЗ ЖӘНЕ ОҢАЙ
Тиімді валюталық құрал
Өмір шарықтау мен құлдырауға толы, ал әлемдік экономика мүмкіндіктер мен тәуекелдерге толы. Біз кез келген ахуалда Сіздің активтеріңіздің тұрақтылығын қамтамасыз етеміз!
Төлемдер АҚШ долларының бағамына байланысты
Жылына 4,5%*-ға дейін тұрақты инвестициялық кіріс, бұл АҚШ долларындағы депозит мөлшерлемесінен жоғары
Тиімді салықтық жеңілдіктер – сақтандыру төлемдеріне салық салынбайды
Сақтандыру мерзіміне байланысты
Біліктілік пен тұрақтылық
Өзіңіздің қаржылық қаражатыңызды кәсіпқойлар командасы басқаратынына сенімді болған кезіңізде.
- Біздің мамандар командасының қаржы секторында 20 жылдық табысты басқару тәжірибесі бар;
- Компания өз тәуекелдерін халықаралық қайта сақтандырушыда қайта сақтандырады*;
- Компания қадағалау органының барлық талаптарына сай келеді;
- FITCH «B+» деңгейіндегі рейтингті растады, болжамы – «Тұрақты»;
- Біз рейтингі жоғары ірі ұлттық және халықаралық компаниялардың бағалы қағаздарына инвестиция құямыз.
*Қайта сақтандырушы әлемдік көшбасшылардың үштігіне кіреді және Standard & Poor's AA- ("Very Strong"), A.M. Best A+ ("Superior") қаржылық тұрақтылық рейтингіне ие.
Отбасыңызды қорғау
Біз Сіздің қаржылық активтеріңізді кез келген жағдайда сақтаймыз және көбейтеміз.
Кепілдендірілген инвестициялық кірісті есептеу
Клиенттің қажеттілігіне немесе қалауына қарай кез келген уақытта сақтандыру қаржы құйылымдарын алу
Клиент қандай да бір себептермен қайтыс болған жағдайда, сіздің отбасыңыз қаржылық жағынан қорғалады
* Сақтандыру ережелерінде көзделген жағдайлардан басқа
Дербес қолдау
Біз әрқашан қарым-қатынасқа ашықпыз және жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуге дайынбыз.
Біз әрбір Клиентпен сенімді қарым-қатынас орнатамыз
Біз кез келген жағдайда жанды түрде қолдау қызметін қамтамасыз етеміз
Бізге клиенттеріміз бен серіктестеріміз сенім артады
Өнімнің сипаттамасы
Валюталық қорғаныш және тұрақты инвестициялық кіріс сізге келешекке деген сенімділік береді. Қайда болсаңыз да, қандай жағдай туындаса да, өзіңіз және жақындарыңыз үшін алаңсыз болыңыз! ProLife PLATINUM өнімі – сізге және сіздің қаржылық активтеріңізге қамқорлық жасаудың ең жақсы тәсілі, сондай-ақ капиталыңыздың тұрақтылығы мен өсуінің кепілдігі.
Жүктеуге арналған файлдар

Сақтандыру ережелері
Сақтандыру ережелері
Жиі қойылатын сұрақтар
ӨЖС келісімшарты бойынша қарызды қашан алуға болады?
Компанияда өмірді жинақтаушы сақтандыру келісімшарты бойынша сақтанушы, қалыптастырылған өтеу сомасы болған жағдайда, қолданыстағы сақтандыру шартының кепілзат кепілімен қарыз алуды ресімдей алады. Өтеу сомасы сақтандырудың бірінші жылының соңына қарай (егер сақтандыру сыйлықақысы біржолғы түрде төленген болса) және сақтандырудың екінші жылының соңына қарай (егер сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген болса) қалыптасады. Осы ретте сақтандыру келісімшарты күшінде қалады және клиент сақтандыру қорғанышында болады.
Кесте бойынша белгіленген сомадан артық төлей аламын ба?
Иә, Сақтанушы кесте бойынша белгіленген сомадан артық төлей алады, бұл жағдайда қалған сома болашақ төлемге аванс ретінде ауыстырылады.
Gold және Platinum келісімшарттарын қандай мөлшерлеме бойынша төлеу керек?
Сақтандыру келісімшартының бір жылдығы күніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша. Тараптар арасындағы барлық өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен жүзеге асырылады.
Барлық жиі қойылатын сұрақтар