SAQTAU Invest
ӨНІМ ТУРАЛЫ ТЕЗ ЖӘНЕ ОҢАЙ
Икемді валюта құралы
Экономикалық ахуалды болжау мүмкін емес, бірақ біз сіздің капиталыңыздың сақталуының қамын ойлаймыз және сақтандыру оқиғалары өтелімінің ауқымды спектрін қамтамасыз етеміз.
Сақтандыру мерзімінің соңындағы төлемдер АҚШ долларының бағамына байланысты
3 жылдан бастап жыл сайын компанияның пайдасына қатысу
Қосымша жарналар төлеу мүмкіндігі
Таңдауға арналған сақтандыру өтемдерінің ауқымы
Өз мақсатыңыз үшін қаражат жинаңыз
Сақтандыру полисі үшін жарналар ауыртпалық тудырмайды, бірақ олар Сіздің жоспарларыңызды жүзеге асыруға көмектесе алады:
Сіздің балаларыңызға үздік білім беру
Біліктілік пен тұрақтылық
Өзіңіздің қаржылық қаражатыңызды кәсіпқойлар командасы басқаратынына сенімді болған кезіңізде.
- Біздің мамандар командасының қаржы секторында 20 жылдық табысты басқару тәжірибесі бар;
- Сақтандыру төлемдеріне кепілдік берудің мемлекеттік жүйесінің қатысушысы;
- Компания өз тәуекелдерін халықаралық қайта сақтандырушыда қайта сақтандырады*;
- Компания қадағалау органының барлық талаптарына сай келеді;
- FITCH «BB-» деңгейіндегі рейтингті растады, болжамы – «Тұрақты»;
- Біз рейтингі жоғары ірі ұлттық және халықаралық компаниялардың бағалы қағаздарына инвестиция саламыз.
*Қайта сақтандырушы әлемдік көшбасшылардың үштігіне кіреді және Standard & Poor's AA- ("Very Strong"), A.M. Best A+ ("Superior") қаржылық тұрақтылық рейтингіне ие.
Отбасыңызды қорғау
Күтпеген жағдайлар туындағанда сіздің отбасыңыздың қаржылық тұрақтылығы берік болады:
Ауру мен жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болу
Жазатайым оқиға нәтижесінде болған мүгедектік
Жазатайым оқиға нәтижесінде жарақат алу
Жазатайым оқиға нәтижесінде ауруханаға жатқызу.
Болашағыңа жоспарың болсын
Біз сіздің жоспарларыңызды жүзеге асыру үшін қадамдық бағдарламалар жасаймыз.
Сіздің қаржылық мақсаттарыңыз бен тілектеріңізге дербестендірілген көзқарас/кеңес
Қаржылық мақсаттардың дербестендірілген бюджеті мен күнтізбесін әзірлеу
Бізге клиенттеріміз бен серіктестеріміз сенім артады
Өнімнің сипаттамасы
Балаларға беделді білім әперу ме? Оларға теңіз жағасында ұмытылмас үйлену тойын жасап беру ме? Бәлкім, арманыңыздағы үйді сатып алу немесе сенімді әулет капиталын қалыптастыру шығар?
Жоспарларыңыз қаншалықты ауқымды болса да, Saqtau Invest оларды жүзеге асыруға көмектеседі. Бұл қаражатты еселеп, оны валюта бағамының ауытқуларынан қорғайтын жай ғана жинақтау құралы емес. Бұл — толыққанды сақтандыру қорғанысы және сіздің шынайы қамқорлығыңыздың белгісі. Жақындарыңыздың болашағы қаржылық қалқанмен қорғалғанын және кез келген өмірлік жағдайда қаржылай кепілдендірілгенін біле отырып, сіз өз мақсаттарыңызға сенімді қадам басасыз.
Форманы толтыру
Сізге өмірді сақтандырудың қандай мөлшері сәйкес келеді?

Жүктеуге арналған файлдар

Сақтандыру ережелері
Сақтандыру ережелері
Жиі қойылатын сұрақтар
ӨЖС келісімшарты бойынша жазатайым оқиғаға байланысты төлемді алу үшін Компанияға қандай құжаттарды тапсыру қажет?
- сақтандыру оқиғасының туындағаны туралы жазбаша өтініш;
- сақтандыру полисінің түпнұсқасы немесе оның телнұсқасы;
- АХАЖ органымен берілген Сақтандырылушының қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- Сақтандырылушының қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болса);
- егер мұндай сараптама жүргізілген болса, өлім себептері бойынша патологоанатомиялық (сот-медициналық) сараптама қорытындысының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Мәйітті ашып зерттеу жүргізілмеген жағдайларда – уәкілетті органның осы сараптама жүргізілмегендігі туралы жазбаша растау хаты;
- егер Сақтандырылушының қайтыс болуының себебі қандай да бір ауру болса, уәкілетті тұлғаның қолымен және медициналық мекеменің мөрімен расталған ауру тарихынан немесе амбулаториялық картадан үзінді көшірме;
- құзыретіне жазатайым оқиғаның туындау фактісін растау, орын алған зардаптарды, сондай-ақ егер Сақтандырылушының қайтыс болуы жазатайым оқиғаның салдарынан болған болса, олардың арасындағы себептік байланысты анықтау кіретін тиісті уәкілетті органның құжаты;
- Пайда алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке тұлғалар үшін ЖСН, заңды тұлғалар үшін БСН;
- Белгілі бір тұлға Пайда алушы болып тағайындалмаған жағдайда, сақтандырылушының мұрагерлерінің мұрагерлікке кіру құқығын куәландыратын және сақтандыру төлемін алуға қажетті құжаттары (көшірмелер: мұрагердің мұрагерлікке құқық туралы куәлігі, жеке басын куәландыратын құжаты; ЖСН).
Өмірді жинақтаушы сақтандыру келісімшарты Ковид-19-ды қамтиды ма?
Жоқ, өкінішке орай, қамтимайды.
Неліктен СМС хабарламалары келмейді?
Ұялы байланыс телефоны нөмірінің дұрыстығын тексеру қажет, ол үшін 7008 нөміріне қоңырау шалып, оператор арқылы деректер базасына енгізілген нөмірдің дұрыстығын тексеру қажет.
Барлық жиі қойылатын сұрақтар