Қызметкерлерді міндетті сақтандыру (ҚЖОМС)
ӨНІМ ТУРАЛЫ ТЕЗ ЖӘНЕ ОҢАЙ
Өндірістегі қорғаныш
Сіз және сіздің жұмыскерлеріңіз еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезінде туындайтын кез келген жағдайларда қорғалады.
Жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезінде қайтыс болуы
Жұмыскердің еңбек ету қабілетінен айырылуы (кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу 30%-дан бастап)
Біліктілік пен тұрақтылық
Өзіңіздің қаржылық қаражатыңызды кәсіпқойлар командасы басқаратынына сенімді болған кезіңізде.
- Біздің мамандар командасының қаржы секторында 20 жылдық табысты басқару тәжірибесі бар;
- Компания өз тәуекелдерін халықаралық қайта сақтандырушыда қайта сақтандырады*;
- Компания қадағалау органының барлық талаптарына сай келеді;
- FITCH «B+» деңгейіндегі рейтингті растады, болжамы – «Тұрақты»;
- Біз рейтингі жоғары ірі ұлттық және халықаралық компаниялардың бағалы қағаздарына инвестиция құямыз.
*Қайта сақтандырушы әлемдік көшбасшылардың үштігіне кіреді және Standard & Poor's AA- ("Very Strong"), A.M. Best A+ ("Superior") қаржылық тұрақтылық рейтингіне ие.
Біз әрдайым жаныңыздан табыламыз!
Біз Клиенттің барлық күрделі жағдайларын өз мойнымызға аламыз.
Сақтандыру оқиғасы туындаған жағдайда Клиентке барынша қамқорлықпен қарау
Сақтандыру оқиғасы туындаған жағдайда барлық факторларды мұқият зерделеу, өйткені Клиент – нөмірі 1-ші басымдылық.
Бізге клиенттеріміз бен серіктестеріміз сенім артады
Барлық кезеңдерде қолдау көрсету
Ынтымақтастықтың бүкіл мерзімі ішінде әрбір Клиент үшін дербес ақыл-кеңестер.
Сіздің бизнесіңіздің ерекшеліктерін және Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып, сақтандыру шарттарын кәсіби түрде таңдау
Кез келген жағдайда жанды қолдау көрсету
Өнімнің сипаттамасы
Қызметкерлерді міндетті сақтандыру-бұл жұмыс беруші үшін де, жұмыскер үшін де сенімді қорғау. Біз әр қызметкерді нақты сақтандыруды ғана емес, сонымен қатар Сіздің бизнесіңізге сенімді қолдауды да қамтамасыз етеміз.
Жүктеуге арналған файлдар

Сақтандыру ережелері
Сақтандыру ережелері
Жиі қойылатын сұрақтар
Біздің Жұмыскер төлемдерді алуға қандай жағдайларда құқылы?
Еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиға туындаған жағдайда. Жұмыскердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянға қызметкердiң еңбекке уақытша жарамсыздығымен байланысты зиянды қоспағанда, оның қайтыс болуымен немесе оның кәсiптiк еңбек етуге қабiлетiнен айырылу дәрежесiн белгiлеумен байланысты зиянның материалдық көрінісі кіреді. Жұмыскердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 186-бабына сәйкес тапсырылған құжаттардың негiзiнде анықталады».
ҚЖОМС келісімшартын алты айға (немесе одан да аз мерзімген) жасасуға болады ма?
Егер сақтанушының қызметі 1 жылдан аз мерзімге есептелген болса, онда сақтанушы растау хатын тапсырған жағдайда, ҚЖОМС келісімшарты қызмет атқару мерзіміне жасалады.
Жұмыскерді міндетті сақтандыру келісімшартын үзе аламын ба?
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, Сақтандыру келісімшарты мынадай жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады:
- Сақтандыру объектісі болуын тоқтатқанда;
- Сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылушының, ол ауыстырылмаған жағдайда, қайтыс болуы (ҚР АК 815-бабының 8-тармағы);
- Сақтандырушы сақтанушыны ауыстыруға қарсылық білдірсе, ал келісімшартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, сақтанушының мүлікті сақтандыру объектісін иеліктен шығаруы (ҚР АК 836-бабының 1-тармағы);
- Өзінің кәсіпкерлік тәуекелін немесе осы қызметпен байланысты азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырған сақтанушының кәсіпкерлік қызметті белгіленген тәртіппен тоқтатуы;
- Сақтандыру оқиғасының туындау мүмкіндігі жойылғанда және сақтандыру тәуекелінің болуы сақтандыру оқиғасынан басқа мән-жайларға байланысты тоқтатылғанда;
- Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушыны мәжбүрлеп тоқтату (қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы) туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі, уәкілетті мемлекеттік органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының резиденті емес-филиалының лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдауы;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен сақтандырушы ресімдеген сақтандыру полисіне енгізілген шарттар мен мәліметтердің өзгеруі;
- Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңында көзделген жағдайларда.
Барлық жиі қойылатын сұрақтар